
Алматыда 4 жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Ол 24 жастағы жігіт екені хабарланды. Алматы облысы Іле ауданында тұрады.
«Ер адам кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қағып кеткен соң оқиға орнынан қашып кеткенін айтты. Самокат жүргізушісі жанында сүйіктісі болғанын да айтты.Оған ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Бұған дейін жаяу жүргіншілер жолында самокатпен келе жатқан екі адам төрт жасар баланы қағып кеткен. Кейін олар оқиға орнынан қашып кеткені хабарланған болатын. Оқиға түісірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram