jasqazaq.kz

4-ші емхананың қызметкерлері вирус жұқтырды деген ақпарат жалған

20 сәуiр 2020, 15:48

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі №4 емхананың қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желіде «аталған емхананың 27 қызметкерінен коронавирус табылды» деген ақпарат тараған болатын.

«Бұл – ақпарат жалған. Қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы мемлекеттік комиссияның ТЖ туралы шешіміне орай 27 наурыздан бастап №4 емхананың Алматы облысында тұратын 27 қызметкерін Alan Cirсus қонақүйіне орналастырған болатын. Осы қонақ үйде жатқан Орталық клиникалық қалалық аурухана қызметкері Covid 19 инфекциясын жұқтыруы мүмкін болғандықтан №4 емхананың 27 қызметкері 11 сәуірден бастап үй карантинінде жатыр. 11 сәуірде олардан ПТР тест алынды. Анализ олардың коронавирус жұқтырғанын көрсетпеді», — деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде