jasqazaq.kz

4 пайыздық автонесиені беретін 4 банк анықталды

16 мамыр 2022, 12:24

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Ғалымжан Әди жеңілдетілген автонесиені бір адам неше рет алуға құқылы екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жеңілдетілген атонесиенің сыйақы мөлшері – 4 пайыз, қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды. Несие көлемі 10 млн теңге болады, яғни Қазақстанда шығарылған көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы керек. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна көзделмеген. Дегенмен, автокөліктің құны 10 млн теңгеден асатын болса, несиеге өтініш білдіруші азамат жетіспейтін ақшаны өз қаражаты есебінен толтырады», — деді акционерлік қоғам өкілі осы мәселе бойынша өтіп жатқан брифинг барысында.

Оның мәліметі бойынша, қазір осы бағдарламаға қатысатын 4 банк таңдап алынған.

Олар: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және Еуразиялық банк».

«Бұлардың қатары әлі де кеңеюі мүмкін. Қазір өнеркәсіпті дамыту қоры басқа банктердің де өтініштерін қарастырып жатыр. Ол өтініштер мақұлданса, банктер саны көбейеді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі бар. Неғұрлым көп адам алу үшін бір азамат мұндай несиені 2 жылда бір-ақ рет ала алады», — деді Ғалымжан Әди.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр