jasqazaq.kz

4 пайыздық автонесие қашан беріледі?

24 сәуiр 2019, 10:23

Қазақстанның автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев 4 проценттік автонесиені беру мерзімін атады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«4 проценттік автонесие ары кетсе, бір айдың ішінде берілетін болады. Қазіргі кезде ақша түсті. Үкіметтің қаулысы бар. Бүгінде ол қаржыны тарату шаралары атқарылып жатыр. Бірден айтып қояйын, бір айдан да аз уақыт қажет болады», — деді А.Лаврентьев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Айта кетейік, Қазақстанда 4 проценттік автонесие бағдарламасы 2015 жылы қолға алынған болатын. Содан бері 13 245 жеңіл автокөлік аталған шарттармен сатылды. Ағымдағы жылы 19 ақпанда Үкімет 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша 10 миллиард теңгені бөлу туралы қаулыны қабылдаған болатын. Соның 8 миллиарды жеңіл көліктерді несиелеуге бағытталса, 2 миллиард теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады. Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сатылады. Келесі жылдары револьверлік қаражат есебінен жылына орташа есеппен 400-500 отандық автомобиль сатылатыны жоспарланған. Төрт пайыздық автонесие бағдарламасы қолға алынған 4 жылда бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде