jasqazaq.kz

4 пайыздық автокредит: Көлікті кезексіз кімдер ала алады?

14 сәуiр 2022, 14:57

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 4 проценттік автокредит бағдарламасына кезекке тұру және құжат тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, алдымен бұрынғы бағдарлама бойынша кезекке тұрған адамдардың құжаттары қаралады. Бүгінде олардың саны 15 мыңға жуықтайды.

«Әрине, соларға беріледі. Банктер жаңадан адам іздегенше бірінші тіркеліп қойған адамдарға береді ғой», — деді Өскенбаев.

Министрдің айтуынша, бұған дейін автокредит берген банктер бағдарламаға қатыса береді. Себебі олардың онлайн-платформасы, яғни электронды кезек жүйесі бар.

«Бүкіл банктер қатысады. Бұл бұрынғы бағдарламаның жалғасы ғой. Сейсенбі күні үкімет шешім қабылдады. Енді оны ресми түрде тіркейді. Өзінің тәртібі бар ғой. Айдың соңында басталады», — деп атап өтті Өскенбаев.

Осы орайда министр ақшаны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі емес, экология министрлігі бөлетінін ерекше атап өтті. Себебі «Жасыл даму» АҚ осы мемлекеттік органға қарайды. Сол ұйымның есебінен қаржы аударылады.

«Біз автокредит тәртібін бекіттік қой. Енді экология министрлігі ақшаны бөліп, қандай жолмен жұмсалатынын бекітуі керек. Олардікі де айдың соңында бекітіледі», — дейді Өскенбаев.

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасында әлеуметтік осал топтарға жеңілдік беріледі. Олар көлікті кезексіз рәсімдей алады.

«Дәл сол адамдарға арналған бағдарлама ғой. Олар кезекте бірінші болып тұрады. Соларға басымдық беріледі, жеңілдік жасалады», — деді Өскенбаев.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр