jasqazaq.kz

4 ана өлімі болған перзентхананың бас дәрігері қызметінен босатылды

04 қыркүйек 2018, 14:15

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов босанған жас әйелдердің өлім жағдайларын азайту бағытында қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтып берді.

«Биыл біздің елімізде 266 мың нәресте дүниеге келді. Өкінішке қарай, 40 жағдайда әйелдер қайтыс болды. Соның ішінде 5 жағдай осы Астана қаласында тіркелді. Олардың төртеуі — 1- периниталдық орталықта. Өткен айда осы мәселе бойынша біз жағдайды бақылауға алып, қажетті комиссиямен тексерту өткіздік. Әрине, кейбір жағдайда кемшіліктер әкімшілік жағынан, жалпы медициналық көмекті ұйымдастыру жағынан олқылықтар болады. Осыған байланысты шаралар қабылданып, бас дәрігер жұмыстан босатылды», — деді министр. Елжан Біртанов сонымен қатар, аталмыш периниталдық орталықтың және басқа клиникалардың мамандаыр халықаралық шетелдік орталықтарға оқытуға жіберілгенін атап өтті. «Өздеріңіз көргендей, шетелдік мамандар да шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр. Әрине, әрбір жағдай өте өкінішті. Қайтыс болған әйелдердің ата-аналарына, туған-туыстарына көңіл айтқымыз келеді. Біз қажетті тексерістерді, сараптамаларды құқық қорғау органдарымен бірлесе өткіземіз. Расында медициналық стандарттарда бұзушылық болса, тиісті шараларды қабылданады», — деді ол.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді