jasqazaq.kz

4 айлық сәбиді кім сабауы мүмкін?

23 қазан 2018, 11:18


Денесі көк ала қойдай болған баланы Қарағанды балалар клиникалық ауруханасына жедел жәрдем қызметкерлері жеткізген.
BAQ.KZ   жазғандай, туылғанына небәрі 4 ай, 20 күн болған сәбиге кімнің, не себепті қол көтергенін құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтайтын болады. Қылмыстық іс қозғалды. Дәрігерлер соққыға жығылғанымен қоса, ауруханаға көптеген сырқатпен түскендігін айтады.
«Балада жедел респираторлық-вирустық инфекция бар екендігін анықталды, сондай-ақ тыныс алу жолдары қатты қабынған. Зәр шығару мүшесінде инфекция бар. Ішек жұмысы да қалыпты емес. Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр», — дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Дәрігерлер оның денсаулығын орташа деп бағалап отыр. Қазір оның жағдайы жақсарып келеді. Жақын күндері баланы палатаға ауыстыру қарастырылып жатыр.
«Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы, 2-тармағына сай тіркеуге алынды. «Кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа деңгейде зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде