jasqazaq.kz

39 баладан Кавасаки синдромы анықталған

28 қыркүйек 2020, 17:48

Наурыз айынан бастап Қазақстанда 2,5 мың баладан коронавирус анықталған. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрайымы Риза Боранбаеваның айтуынша, балаларда коронавирустық инфекциядан кейін пайда болатын Кавасаки синдромы бойынша жағдай тұрақты.

«Бүгінде 39 балада осы синдром анықталды оның ішінде балалардың 60 пайызы сауығып, аман-есен ауруханадан шықты, ал 40 пайызы әлі ем алып жатыр. Бұл синдромның клиникалық белгілері — дене қызуының 38 градустан жоғары болуы, ол 24 сағат немесе одан да көп уақытқа созылады, дененің бөртуі, іштің ауыруы, диарея, тыныс алу жүйесінің зақымдануы, жөтел, тыныс алу жеткіліксіздігі, ентігу, жүрек ауруы, конъюнктивит, аяқтың ісінуі.

Үйде емделудің қажеті жоқ, өйткені ол синдром ауыр өтеді, кейде тіпті қарқынды реанимациялық көмекті қажет етуі мүмкін, сондықтан егер осындай белгілер байқалса, учаскелік дәрігерді шақыру керек», — деді Риза Боранбаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде