jasqazaq.kz

383 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

22 сәуiр 2020, 18:17

#үйдеотыр

Алматыда коронавирус инфекциясын 383 медицина қызметкері, 1 полиция қызметкері, 40 студент жұқтырған. Бұл ақпаратты бүгін онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жариялады.

Оның айтуынша, көбінесе инфекцияны 20-29 жастағы жұмысқа қабілетті адамдар жұқтырған. «Бүгінде бұл вирустан ең аз жапа шеккендердің қатарында полицияны айтуға болады. Блокпосттағы бір полиция қызметкері жұқтырған.

Жалпы қалада 693 жағдай тіркелді. 100 мың адамға шаққанда ауру көрсеткіші 33,9 %, адам өлімі — 0,7% болып отыр», — деді ол. Оның айтуынша, 10 оқушы, 40 студенттен, шетелден келген 38 адамнан, ҰҚК шекара қызметі академиясының 67 курсантынан, 2 авиация қызметкерінен, 40 зейнеткерден, 55 жұмыссыз адамнан, 383 медицина қызметкерінен коронавирус инфекциясы табылған. Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин басқарып отырған департаменттің 7 қызметкері вирус жұқтырғаны анықталды. 0-14 жас аралығында — 21 жағдай, 15-19 жас аралығында – 43, 20-29 жас аралығында — 212, 30-39 жас аралығында — 129, 40-49 жас аралығында — 116, 50-59 жас аралығында — 115, 60 жастан жоғары – 42 жағдай тіркелген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия