jasqazaq.kz

37 жылқыны пойыз басып кетті

09 наурыз 2020, 17:58

Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«7 наурыз күні сағат 04.55-те Көкшетау стансысындағы Желілік полиция бөліміне «Қарағай-Уголки» аралығында жүк пойызының машинисі 37 жылқыны қағып кетуіне байланысты шұғыл тежеуге мәжбүр болғаны хабарланған. Оқиға орнына Көкшетау стансысындағы желілік полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты», — делінген ақпаратта. Көлік полицейлері жүргізген шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі — Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны анықталды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (темiржол бойында мал жаю) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде