jasqazaq.kz

37 жылқы ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

25 ақпан 2020, 15:20

Алматы облысында мал ұрлығына машықтанған қылмыстық топ өкілдері ұсталды. Қазіргі уақытта оларға 37 жылқыны ұрлады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлады.

Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары өзгенің малын алып, оңай олжаны көздеген топ өкілдерінің жымысқы әрекеттерін әшкереледі. Тергеу барысында қаңтар-ақпан айларында Еңбекшіқазақ, Кеген және Ұйғыр аудандарының аумағында орын алған бірқатар жылқы ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген 11 адам ұсталды.

«Ұсталғандардың жетеуі топтың негізгі мүшелері, яғни ұрлау, ұрланған малды тасымалдау солардың міндеті болған. Ал, қалған төртеуі – қолды болған малды сатып алушылар. Барлығы бір қылмыстық топтың мүшелері, жымысқы әрекеттерін іске асыру кезінде Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде тұрған. Дегенмен, ол да кәсіби із кесушілерден жасырынуға мүмкіндік бермеді. Ұсталғандарға 37 жылқы ұрланған 8 ұрлық жасады деген айып тағылды. Барымташылар ұрланған малдың көбін сойып, етін сатып жіберген. Тексеру барысында тәртіп сақшылары барымташылар алған малдың бір бөлігін тірідей тауып, заңды иелеріне қайтарды», — деп хабарлайды Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Топ мүшелерінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия