jasqazaq.kz

37 жасында пәктік жасатып тұрмыс құрды

19 қараша 2018, 15:49

Астаналық гинеколог мамандар қазіргі күні қыздардың қыздықты қалпына келтіруге қатысты отаны көп жасатынын алға тартты. Айтуларынша, гименопластикаға әсіресе оңтүстік өңірдің қыздары көп жүгінеді екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Елордалық гинекологтар соңғы жылдары пәктікті қалпына келтіру отасын жасатушы қыздардың саны артқандығын айтып, дабыл қағуда. Мамандардың сөзіне сенсек, олардың денін өрімдей жас қыздар құрайды екен.

«Қыздықты қалпына келтіру отасы медицинада – гименопластика деп аталады. Жасыратын ештеңесі жоқ, жыл санап бұл отаны жасаушылардың саны көбейіп келеді. Көмекке келетін қыздардың жас ерекшеліктеріне келер болсақ 15 жастан бастап 35-40 жасқа дейінгі аралықты қамтитын шығар.
Мысалы, менің тәжірибемде жасы 37-ге келген әйел болды. Тұрмыс құрмаған, бірақ ер адамдармен жақын қарым-қатынаста болған. Бір қызығы, ол өз махаббатын 35 жасында кездестіріп, сол адаммен отау құратын болған. Алайда, болашақ жары қыздыққа көп мән берген екен.

«Сосын амалсыздан осындай отаны жасатуға бел буған. Біздің клиникада мұндай отаның бағасы 35 мың теңгеден басталады. Бұған дейін гинекологқа келіп, жалпы қаралуы керек, оның бағасы шамамен 5 мың теңге тұрады. Ал қайта келіп қаралу 3500 теңгені құрайды. Сонда орта есеппен бұл отаға 45 мың теңгедей қаражат керек», — деді маман.
Елордадағы тағы бір жекеменшік клиниканың гинеколог маманы қай өңірдің арулары қыздықты қалпына келтіруге жиі жүгінетінін айтты.

«Көбінесе оңтүстік аймақтың қыздары пәктікті қалпына келтіруге жиі келеді деп айта аламын. Жас қыздар алыстан жұмыс іздеп келеді, сосын алданып қалып жатады. Ал тұрмыс құратын кезде, оңтүстікте қыздыққа қатты қарайды. Сондықтан, гименопластика жасатады.
Өкініштісі, ота жасататын қыздардың арасында өрімдей жас қыздар көп. Менің тәжірибемдегілердің бәрі 18-20 жастағы қыздар десем артық айтпаспын. Негізі медицинада бұл қалыпты жағдай. Ал қыздар өз тағдырларына жауаптырақ қарау керек шығар. Жігіттерге сенбестен бұрын, болашақ ана екендіктерін ұмытпаулары керек» , — деді маман.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді