jasqazaq.kz

37 шетелдік елден қуылды

24 ақпан 2018, 2:45

Оңтүстік Қазақстан облысында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көші-қон заңнамасын бұзудың 920 фактісі анықталды, 37 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

ОҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасынан мәлім еткендей, 920 факті бойынша еліміздің 151 және шетелдің 769 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 502 құқық бұзушыға ескерту жасалып, 105 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Белгілі болғандай, көрші елдердің азаматтары облыс аумағына келгеннен кейін тіркеуге тұрмай, жалдамалы жұмыс істеген. Құжаттарын тексеру барысында өзге де түрлі кемшіліктер анықталған. Нәтижесінде 276 шетел азаматы әкімшілік қамауға алынып, 106-сына ел аумағында болу мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ қабылдап-тарату орнына өздерімен бірге құжаттары жоқ 106 адам жеткізілді. Облыста көші-қон заңдылықтарын бұзған және заңсыз шетел азаматтарын жұмыс күші ретінде пайдаланған 151 жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мигранттарды елден  шығару бойынша сот шешімін орындамаған 6 жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, құқық бұзушыларға 1,3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды