jasqazaq.kz

37 адам қар құрсауынан шығарылды

04 наурыз 2019, 12:28

Қостанай облысында тәулік ішінде қар құрсауында қалып қойған 37 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Арқалық-Торғай тасжолында, Аңғар ауылының маңында 2 автокөлік тұрып қалған. Көліктердің ішінде 12 адам болды. Олардың екеуі — балалар. Құтқарушылар «Арқалық-Жезқазған» жолында 3 адамды қауіпсіз жерге жеткізді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Таран ауданының Елизаветинка ауылында қалың қарға батып қалған 4 автокөлік ТЖД қызметкерлерін көмекке шақырды. Көліктердің салонындағы 9 адамға жәрдем көрсетілді. Бұдан бөлек, Науырзым ауданында 3 автокөлік қар құрсауынан шығарылды. Оқиға «Қарамеңді-Өлеңді» тасжолының 12-ші шақырымында болған. Барлығы 9 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар оларды Қарамеңді ауылына жеткізді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда