jasqazaq.kz

35 жыл жеке құжатсыз жүрген қостанайлық куәлік алды

13 қазан 2020, 12:06

Амангелді ауданының полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына жеке құжаттарын алуға көмектесті. Бұл туралы  аудандық полиция бөлімінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Амантоғай ауылының тұрғыны Дүкенбай Смағұлов 35 жылдан астам уақыт құжатсыз тұрып келген. Амангелді аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Д.Қошпанов пен көші-қон қызмет тобының аға инспекторы Ж.Әбдіғамидов 56 жастағы азаматқа жеке куәлік алуға көмектесті.

«Кеңес үкіметі кезінде берілген паспортымды 1985 жылы жоғалтып алдым. Содан бері жеке басымды куәландыратын құжатсыз жүрдім. Жоғалтып алған құжатты қайта қалпына келтіретін мүмкіндік болмады. Полицияға уақытылы жүгіне алмадым», — дейді ауыл тұрғыны.

Дүкенбай Смағұлов көрсетілген көмек үшін Амангелді аудандық полиция бөлімінің басшысына алғыс айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде