jasqazaq.kz

35 әкім мен олардың орынбасары жемқорлық бойынша күдіктелуде

15 қараша 2018, 15:42

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздегі ең көп жемқорлық дерегі тіркелген мемлекеттік органдарды атады деп хабарлайды NUR.KZ.

Агенттіктегі қоғаммен байланыс департаментінің жетекшісі Армана Бердалин айтып бергендей, ағымдағы жылдың 10 айында тіркелген 2361 қылмыстық істің 1726-сы жемқорлықпен байланысты екен.

«Жемқорлық қылмысының 57 пайызы пара алу, 29 пайызы мемлекет қаржысын жымқыру дерегі бойынша орын алған», — дейді Бердалин.
Анықталған 14,4 миллиард теңге мемлекеттік залал мөлшерінің 12,8 миллиард теңгесі өтеліп, күдіктілердің 42,7 миллиард теңгелік мүлкіне тыйым салынған.

Жалпы жемқорлық бойынша 1 126 қызметтік тұлға жауапқа тартылған. Оның ішінде 20 республикалық, 75 облыстық, 128 қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар.

«2018 жылдың басынан бері 35 әкім мен олардың орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында 1 — облыстық, 6 — аудандық, 5 — қалалық және 23 — ауылдық деңгейдегі әкімдер бар.
Жалпы түрлі деңгейдегі әкімдік қызметкерлерінің 2013 жемқорлық дерегі, Ішкі істер органынан — 176, қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінен — 43 жағдай тіркелді», — деді Арман Бердалин.

Сондай-ақ агенттік өкілі жемқорлыққа бейім келетін сала түрлерін де айтып берді.

«Көбінесе құрылыс, білім, ауыл шаруашылыңы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және жер қатынастары салаларында жемқорлық фактілері жиі кездеседі», — деп сөзін қорытты ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық