jasqazaq.kz

34 жастағы әйел мен оның екі баласын азаптап өлтірген

09 тамыз 2022, 10:11

Азаппен өлген! Алматыда 34 жастағы әйел мен оның екі баласы кісі қолынан ажал құшыпты. Істі ерекше бақылауға алған қала прокуратурасының мәліметінше, мәйіттерде зорлық-зомбылық ізі бар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қазір адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. 6-тамызда «Мамыр» ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 7 және 2 жастағы балаларының денесі табылған болатын. Бесінші қабаттағы бұл пәтердің есігі қазір мөрленген. Есіктегі құлыптың бұзылып орны үңірейіп тұрғанына қарағанда, ішке бұзып кірген деп топшылауға болады. Еденде қан ізі әлі жатыр. Ал қанды қылмыстың басқа да жай-жапсары жөнінде құзырлы орган әзірге тіс жармай отыр.

Бауыржан Төлендинов, Алматы прокуратурасының ресми өкілі:

— Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Бейнематериалдар зерттеліп куәгерлерден жауап алынуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп тексерудің өзге де деректері қазіргі таңда жария етуге жатпайды. Қылмыстық істің тергеуі қала прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде