
Әлеуметтік желілерде ер адамның лифт кабинасында орнатылған мониторды әдейі сындырып жатқан видеосы тараған болатын.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспсөз қызметіне сілтеме жасап. «Ер адамның бұзақылық әрекеті лифтіде орнатылған камераға түсіп қалған. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соттың шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды», — делінген хабарламада. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтарды тұрғындарға ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.