jasqazaq.kz

31 жастағы Рудный тұрғыны танысының басын кесіп тастаған

10 желтоқсан 2020, 15:00

Рудныйда ішімдік ішкен 31 жастағы тұрғын танысын бауыздап өлтірген. Қылмыстың анық-қанығын журналистермен өткен брифингіде облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов айтып берді. Бұл туралы jasqazaq.kz ақпарат агенттігі inform.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Рудный қаласында 3 желтоқсан күні болған. 31 жастағы ер адам 68 жастағы танысымен пәтерде ішімдік ішкен. Мұның арты жанжалға ұласып 31 жастағы ер адам жәбірленушінің мойнына пышақ салды.

«Жәбірленуші алған дене жарақаты салдарынан көз жұмды. Қылмыскер мәйіттің басын кесіп тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Өлтірілген адамның туыстары полицияға хабарлады. Дереу тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Біз күдікті қашып кетуі мүмкін деп болжадық, бірақ полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында ол ұсталды. Патрульдік полиция қызметкерлері 22.00-ден кейін көшеде жүрген мас адамды байқайды. Олар ер адамның қолына қан жұққанын көреді. Қылмыскер ұсталып, кейіннен кінәсін мойындады», — дейді Бекет Аймағамбетов.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қостанай облысында жыл басынан бері 500-ден астам қылмыс патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен ашылды. Бекет Аймағамбетов сапалы жұмыс істеген қызметкерлерге сыйақы тағайындайтынын айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде