jasqazaq.kz

300-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

02 наурыз 2019, 10:31

Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше сағат 17.40-та Тасқала ауданында Орал — Саратов жолының 50-70 км аралығында 31 жеңіл көлікке жәрдем берілді. 59 адам құтқарылса, соның бесеуі — балалар. 8 адам эвакуацияланса, соның алтауы — балалар. Бүгін түнгі сағат 00.30-да осы ауданда Орал — Тасқала — РФ шекарасы жолының 50-104 км аралығында, Тасқала — Оян жолының 65-шақырымында 1 жолаушылар таситын «УАЗ», 74 жеңіл және 2 жүк көлігі тазартылған жерге шығарылды. Бұларда 265 адам болса, соның 12-сі — балалар. 6 адам (біреуі — бала) эвакуацияланды. «Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап қатты боран мен желдің жылдамдығы секундына 18-20 метрге дейін жетуіне байланысты республикалық маңызы бар Орал — Тасқала — РФ шекарасы (31-104 км, Переметныйдан шекараға дейін) және Қазталов — Жәнібек (0-165 км) жолдары барлық көлік түрлері үшін қайтадан жабылды.

БҚО ТЖ департаменті облыстық жолдардың әлі ашылмағанын жеткізді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда