jasqazaq.kz

300-ден аса мұғалім жалған сертификатпен сыйақы алып келген

02 шiлде 2021, 14:08

Шымкентте бір топ мұғалімнің басы дауға қалды. 348 мұғалім жалған аттестаттау куәліктерін сатып алды деген күдікке ілінді.

Олар жалған құжатты шамамен үш жыл бұрын сатып алған, тіпті біліктілігін арттырғаны үшін сыйлықақы да алып келген. Әріптестері құқық қорғау органдарына шағымданғанда олардың өтірігі ашылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Республикалық тестілеу орталығында қаржы полициясы тестілеу тізімін тексерді. Қалалық мектептердің көптеген қызметкерлері іс жүзінде аттестаттаудан өтпеген, тіпті тестілеу орталығына келмеген болып шықты. Олар жай ғана жалған мөр басылған құжатты сатып алған.

Мұғалімдердің 80% -ы екі жыл ішінде заңсыз алған ақшаларын бюджетке қайтарып үлгерді. Енді оларға тағы да тест тапсыруға тура келеді.

Сертификаттарды сатуға шығарған алаяқтар сотқа тартылды.

Бүгіндері мұғалімдерді жалған аттестаттауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, алаяқтық бойынша сот процесі жүріп жатыр, — деді Шымкент қалалық білім бөлімінің бастығы Жанат Тәжиева.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия