jasqazaq.kz

300 әскери қызметші шаңғы жарысына қатысты

16 ақпан 2020, 12:02

Семейде Ауғанстаннан әскердің шығарылғанына 31 жыл толуына және облыстық гарнизонның әскери бөлімдері арасында қысқы спорт түрлерін насихаттау аясында шаңғы жарысы өтті.Бұл туралы «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Ведомствоның мәліметінше, 5 шақырым қашықтыққа өткен жарысқа 300-ге жуық әскери қызметші – әскери құрамалардың 15 командасы қатысты. Шаңғы жарысына интернационалист жауынгерлер құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Жарыс басында «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы полковник Асан Жүсіпов барлық интернационалист жауынгерлерге Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери борышын орындаудағы адалдығы мен батылдығы үшін алғыс білдірді.

«Шығыс аймақтық қолбасшылығының барлық әскери қызметшілері атынан және өз атымнан барлық интернационалист сарбаздарға батылдық пен табандылық үшін алғыс айтамын. Жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді қатысқандарыңыз сіздер секілді нақты адамдардың ерлігі арқылы жоғары моральдық бағдар мен Қазақстанды Батырлар елі ретінде пікір қалыптастырады», — деп атап өтті қолбасшы.

Жарыстың нәтижелері бойынша 28738 әскери бөлімінің командасы бірінші орынды жеңіп алды, 36803 әскери бөлімінің командасы екінші орынды еншілесе, 63310 және 12794 әскери бөлімдері бірдей уақыт көрсеткіштерімен үшінші орынды бөлісті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия