jasqazaq.kz

30 жыл бойы құжатсыз жүрген

01 қараша 2019, 12:11


Солтүстік Қазақстан облысы Қарақоға елді мекенінің тұрғыны Диана Пиданова 30 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке құжатты алуға оның туу туралы куәлігінің жоқтығы себеп болған. «Құжаттарды ресімдеуге және Қазақстанның азаматы екенін растау үшін оның әкесін анықтау қажет болды. Ол үшін қымбат тұратын генетикалық сараптаманы жасату керек. Облыстық миграциялық қызмет басқармасының мамандары адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюродан көмек сұрады. Ұйым сараптаманы жасауға көмектесіп, бар шығынды көтерді», — дейді баспасөз қызметінің мамандары. Сондай-ақ Возвышенка елді мекенінде тұратын зағип ер адам 1974 жылғы үлгідегі паспортпен жүрген. Тиісті органдарға барып, өздігінен құжатын жаңалауға оның шамасы болмаған. Полицейлер оған тиісті тәртіп бойынша құжатын ресімдеп алуға көмектесті. «Біреулері құжаттарын жоғалтады, енді бірі ескі кеңестік паспорттарын ауыстырмаған. Араларында туғаннан құжат алмағандар бар. Бәріне көмектесуге тырысамыз», — дейді миграциялық қызмет басқармасының бөлім бастығы Айгүл Құнанбаева. Жыл басынан облыста 3 мыңға жуық адам құжат алған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде