jasqazaq.kz

30 жастағы жүргізуші 4 қап марихуанамен ұсталды

14 қазан 2020, 16:34

Жамбыл обылысының орталығы Тараз қаласында 30 жастағы жүргізушінің көлігінен 4 қап марихуана табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Облыс орталығының аумағын патрульдеу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Нива Шевролет» автокөлігін тоқтатқан.

«Тараз тұрғынының тәртіп сақшыларымен сөйлесудегі мінез-құлқы мен көлік салонындағы ерекше иіс полицейлердің күмәнін тудырды. Машина тексеріліп, оның барысында өсімдік тектес төрт қап кептірілген марихуана табылды», — делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде