jasqazaq.kz

30 минутта үш ұрлық жасаған ұры ұсталды

13 тамыз 2020, 14:10

Полиция қызметкерлері жарты сағаттың ішінде 3 жерді тонаған 24 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.Бұл туралы zakon.kz. хабарлайды.

6 тамызда, түстен кейін, 24 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны Әйтеке би көшесіндегі №22 үйдің жанында тұрған әйелдің көзінше оның темекісін ұрлаған. Содан кейін Әйтеке би көшесіндегі дүкеннің жанынан өтіп бара жатып, біреудің iPhone 8 смартфонын күштеп тартып алған. Келтірілген зала көлемі — 200 мың теңгеден асады. Содан соң ер адам зейнеткер әйелдің құлағынан алтын сырғасын шешіп алмақ болған. Бірақ оның бұл әрекеті сәтсіз шыққан. 15 минуттан кейін ол Әйтеке би көшесіндегі «Берлога» кафесіндегі кассаға бас салып, ондағы ақшаны ашық түрде ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі — 13 мың теңгені құрады, деп хабарлайды полициядағылар. Күдіктіні полиция ізін суытпай ұстаған.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия