jasqazaq.kz

3 жастағы қыз бала жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті (видео)

17 мамыр 2021, 17:00

Алматы облысында 3 жастағы қыз бала жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті. Абырой болғанда, бала дін аман.

Бұл сәт келе жатқан өзге көліктің бейнежазбасына түсіп қалған. Видеода жеңіл көліктің бұрылып жатқан сәтінде артқы есігі ашылып, баланың жолдың үстіне құлағанын көруге болады. Кішкентай қыз бала құлаған жерінен өзі тұрады. Осы сәтте анасы көліктен шығып, жүгіріп келіп, құшағына алады. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша пікір білдірді. «Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «Hundai Elantra« көлігінен кішкентай баланың көліктен құлаған фактісі анықталды. Тексеру барысында оқиғаның бүгін Іле ауданының Өтеген батыр ауылында болғаны белгілі болды. Жедел іздестіру кезінде көліктің иесі 32 жастағы әйел екені анықталды. Ол — үш жастағы баланың анасы. Кішкентай қыз оқиға болған сәтте көліктің артында арнайы қорғанатын белдіксіз отырған. Абырой болғанда, бала аман. Көліктің иесіне әкімшілік іс қозғалды»,- деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық