jasqazaq.kz

3 жасар баладан коронавирус анықталды

21 қазан 2020, 13:22

Соңғы тәулікте Ақтөбеде 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның біреуі 3 жасар бала. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Ақтөбеде 46 жастағы әйел жөтеліп, дене қызуы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Кейін одан ПТР сынама алынып, вирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Бұған дейін оның Ресейге барғаны белгілі болды.

«Шалқар ауданының 28 жастағы тұрғыны өз еркімен сынама тапсырып, одан КВИ анықталды. Сонымен бірге 3 жастағы ақтөбелік те COVID-19 дертінің симптомсыз түріне шалдықты. Бала балабақшаға бармайды. Бұрын әкесі КВИ-дің симптомсыз түріне шалдығып, ұлынан ПТР сынама алынған болатын», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, облыста барлығы 3273 жағдай тіркелді. Олардың 3218-і, яғни, 98,4% жазылып шықты. Қазіргі таңда үй карантиніне 71 адам жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия