
Қарағанды облысында 3 жасар бүлдіршінді ұрлап, өлтірді деп күдіктелген ер адам ұсталды. Бұл туралы ақпарат Instagram желісіндегі Karaganda.city парақшасында пайда болды.
Еріктілердің мәліметінше, ер адам Қарағандыдағы қалалық вокзалда тұтқындалған.
Бұған дейін Қарағанды облысында 5 қыркүйек күні дүкеннің жанында бір ер адам 22 жастағы танысына жүгіріп келіп, үш жасар баланы қолынан тартып алып, содан кейін хабарсыз кеткен. Артынша ұрланған бала өлі күйінде табылған еді.