jasqazaq.kz

3 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

29 мамыр 2021, 12:16

Батыс Қазақстан облысында көпқабатты үйдің терезесінен үш жасар бала құлап кетті. Бұл туралы  «Мой город» сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Оқиға 28 мамырда сағат 15.30-да болды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, үш жасар бала Зачаганск кентіндегі Қамбар батыр көшесіндегі үйдің төртінші қабатының терезесінен құлаған.

«Бала жабық бас сүйек-ми жарақаты мен миының шайқалуы диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Осыған ұқсас тағы бір оқиға 28 мамырда сағат 3.04-те Сарайшық көшесіндегі көпқабатты үйде болды. 26 жастағы ер адам төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

«Ол алкогольден мас болған. Ер адамның миы шайқалды, денесі көгеріп, жарақат алды. Қазір ол қалалық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімінде жатыр», — деп толықтырды ведомстводағылар.

Еске салайық, Қазақстанда балалардың терезеден құлауы бойынша статистика өсіп барады. Жазатайым оқиғалар көбінесе өліммен аяқталады. Мысалы жақында Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала оныншы қабаттан құлап өлді. Биылғы жағдайлардың жалпы саны әлі есептелген жоқ. Дегенмен, 2020 жылдың алты айында осындай 64 жағдай тіркелгені белгілі. Бір уақытта бес адам қайтыс болды, 59-ы ауруханаға түсті.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия