
Алматыда 10 жастағы оқушы қыз Анна Иванова жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қыз Түрксіб ауданы ВАЗ шағын ауданындағы үйінен таңғы 8:40-та шығып кеткен. Содан үйіне қайтып оралмады. Алдын ала белгілі болғандай, қыз үйінен анасымен ұрысып шығып кеткен. Туғандарының айтуынша, 11:00-де Анна — музыкалық мектепке, түстен кейін сабаққа баруы тиіс болған. Анна Иванова №89 мектептің 3-сыныбында екінші ауысымда оқиды екен. Мектеп ұжымы Аннаны сабақта көрмеген. Анна Иванова ашық жасыл түсті болон куртка, алқызыл майка мен көк шалбар киген. Қазір еріктілер №89 мектептің спорт залында іздестіру тобын құрып жатыр. Ал полиция департаментінде осы бағытта тергеу-іздестіру тобы құрылды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы мен криминалды полиция қызметкерлері қызды іздестіріп жатыр.