jasqazaq.kz

3 мың тонна мұнайды заңсыз өндіргендер анықталды

21 мамыр 2020, 11:42

Маңғыстау облысында жарты миллиардтан аса сомаға 3 мың тоннадан аса заңсыз мұнай өндіргендер анықталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу бойынша қылмыстық істі тергеу жұмысын аяқтады.

Тергеу барысында SK Petroleum ЖШС-нің 2019 жылғы тамыздан бастап «Солтүстік Қарамандыбас» мұнай кен орнынан Жаңаөзен қаласындағы мұнай құятын базаларға жалпы көлемі 3441,408 тонна шикі мұнай тиегені анықталды.

SK Petroleum ЖШС-де заңсыз өндірілген 3367,056 метрикалық тонна көлеміндегі шикі мұнайдың орташа нарықтағы құны сарапшылардың сараптама қорытындысы бойынша — 581 724 571 теңге.

Сондай-ақ, комитет мәліметінше, көрсетілген шикі мұнайдың көлеміне соттың санқциясы бойынша тыйым салынды.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында SK Petroleum ЖШС директорының кінәсі толықтай дәлелденді. 2020 жылғы 20 сәуірде қылмыстық іс айыптау актісімен бірге соттың қарауына жіберілді», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, комитет мәліметінше, көрсетілген шикі мұнайдың көлеміне соттың санқциясы бойынша тыйым салынды.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында SK Petroleum ЖШС директорының кінәсі толықтай дәлелденді. 2020 жылғы 20 сәуірде қылмыстық іс айыптау актісімен бірге соттың қарауына жіберілді», — делінген хабарламада.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық