jasqazaq.kz

3 млрд теңгеге салынған аты шулы мектеп 1 қыркүйекте оқушы қабылдайды

17 тамыз 2022, 18:06

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Алматы облысының Талғар ауданындағы атышулы мектептің тағдырына байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауапта министрлік мамандары аталған білім ошағына билік өкілдері барып, шолу жүргізгені айтылған. Шолу жасағандар шатырдан су ағып, төбенің ісініп кетуі, әрлеу материалдарының қабыршықталып түсуі нөсер жаңбырдың кесірінен болған деген қорытындыға келген. Мектеп салуға ақша бөлу және оны қолданысқа қабылдап алу жергілікті әкімдіктің құзырындағы шаруа екені де айтылған.

Ал Алматы облысының Білім басқармасы мектеп ғимаратының тек бір корпусында ғана қабырға шытынағанын алға тартады. Ололқылықты жоюүшін ақау шыққа бөлікті бұзып, қайта салу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.

«BI Global» ЖШС мамандары тексеру жүргізді. Ақауларды анықтап, қосымша материал әкеп, кемшіліктердітүзету жұмыстары басталып кетті. Абаттандыру жұмыстарындағы және шатырдағы кемшіліктер 18 тамызға дейін жойылады. Киім ауыстыратын бөліктегі ақаулар 25 тамызға дейін түзетіледі. 1 қырүйекте мектеп оқушыларды қабылдап, сабақ бастайды», — деп жазылған Алматы облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр