
Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жедел респираторлық-вирустық инфекцияның өршуіне байланысты тағы 3 мектепте карантин жарияланды.
«ЖРВИ-ға шалдыққан оқушылар санының өсуіне орай 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында №9, 11 орта мектептерде және №1 бастауыш мектепте карантин жарияланды» — деп хабарлады Алтай қалалық білім бөлімі.