jasqazaq.kz

3 баланың өліміне қатысты күдікті ұсталды

19 сәуiр 2020, 14:50

Шымкентте 3 баланың уланып, көз жұмуына қатысты оқиға бойынша күдікті ұсталды.

Айта кетсек, 2019 жылдың 3 қарашасында белгісіз заттан уланудың салдарынан 4 жасар және 1 жасар бала көз жұмған еді. Алдын ала берілген ақпарат бойынша олар тамақтан (нақтырақ айтқанда түшпара) улануы мүмкін екені хабарланды. 2020 жылдың 13 ақпанында да белгісіз заттан уланып, 8 айлық сәби шетінеді.

Екі жағдай да Еңбекші ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 304-бабы (санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының тізіміне енгізілген.

«Көптеген зерттеу жұмысының, тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптаманың нәтижесінде балалардың өліміне не себеп болғаны анықталды. Тәжірибелі тергеуші мен жедел қызметкерлердің арқасында күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Ол – 42 жастағы ер адам. Анықталғанындай, ол қайғылы жағдайға дейін олардың үйінде зиянды жәндіктерге қарсы улы химикатпен дезинсекция жүргізген. Ол ауыл шаруашылығы саласына қолданылуы тиіс «Имидаклопридты» қолданған», — деп хабарлады ҚР ІІМ-нен.

Күдікті қазіргі уақытта екі айға уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі