jasqazaq.kz

29 жастағы алматылық үйін есірткі зертханасына айналдырған (Видео)

21 қыркүйек 2022, 11:52

29 жастағы алматылық үйін есірткі зертханасына айналдырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселе Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестіктерінің бірінің тұрғыны жайында болып отыр. Ол синтетикалық есірткіні заңсыз сақтап, зертханалық жолмен өндірді және таратты деген күдікпен ұсталды.

– Оның үйінен ішінде ақшыл түсті ұнтақ заты бар целлофан пакеттері, ерекше иісі бар, құмыраға өсірілген жасыл өсімдіктің бұталары, сұйықтықтары бар ыдыстар, ұнтақты заттың қабаттарының температурасын өлшейтін пирометр, арнайы комбинезон табылды. Сондай-ақ, үй аумағынан ағаш конструкция – синтетикалық есірткі жасауға арналған тақтай, шикізатты араластыруға арналған темір араластырғыштары бар электрлі бұрғылар және т.б. табылды және тәркіленді. А.есімді азаматтың айтуынша, оның бұл кәсіпке келгеніне көп болған жоқ. Ер адамның сөзінше, интернет қосымша арқылы оған мефедрон психотроптық затын жасаудың ингредиенттері мен нұсқаулары бар сынама алғыштан бастау ұсынылған, оған оны жасағаны үшін жомарт сыйақы уәде етілген. Қаскөй келіскен соң “жұмыс берушілер” оған қажетті шикізатты алу үшін координаттарды жіберген, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдікті тергеуде.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр