jasqazaq.kz

270 отбасы алған атаулы әлеуметтік көмекті мемлекетке қайтарады

04 қыркүйек 2019, 17:47

Шымкент қаласында 270 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті мемлекетке қайтарады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары мәлімдеді, — деп хабарлайды «Отырар».

Бұл тұрғындар еліміздегі ең мұқтаж азаматтарға тиесілі жәрдемақыны алу үшін табыс көзін жасырған. Қаржылай көмек алу үшін түрлі айла-шарғыға барған пысықайларға қандай шаралар көріледі? Қазір Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға 67 мыңнан аса отбасы өтініш білдірген. Жәрдемақы олардың 80 пайызына мемлекеттен алған ақшасына есеп беру шартымен тағайындалады. Мемлекет қолдауының тек мұқтаж азаматтарға көрсетілуін қадағалау үшін қазір мамандар арнайы тексерулер ұйымдастырып отыр. Айтуларынша, құжат тапсыру кезінде кей тұрғындар табыс көздерін, қымбат көліктері мен зәулім үйлерін жасырған. Бұл мәселе қазір мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей назарында. Халыққа Жолдауында ел президенті атаулы әлеуметтік көмек алу үшін азаматтардың түрлі құйтырқылықтарға баратынына қынжылып, жауаптыларға жүйені қайта қарап, жетілдіре түсуді тапсырды. Еліміздегі ең мұқтаж отбасыларына тиісілі жәрдемақының жайы бүгін Жолдауды талқылауға арналған қала активінде де айтылды. Қала әкімі Ерлан Айтаханов атаулы әлеуметтік көмек масылдыққа емес, тұрғындардың тұрмысын түзетуі үшін берілетінін қадап айтты. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері қазір жергілікті комиссиялармен бірлесіп, шартты қаржылай көмек алғандарға қатысты тексеру жұмыстарына қызу кіріскен. Қазірдің өзінде бірлескен топ табыс көзін жасырып жәрдемақы алған 300-ге жуық отбасын анықтап, мемлекет қаражатын кері қайтаруға барын салып жатыр. Сондай-ақ, жауаптылар алдағы уақытта мұндай әрекетке жол бермес үшін тиісті шараларды қамтып отырмыз дейді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда