jasqazaq.kz

270 адамның жұмысын 8 адам істеген

26 қыркүйек 2019, 13:48

Шымкентте 270 тазалаушының жұмысын 8 адам ғана атқарып келген. Мұндай кемшіліктер кезекті прокурорлық тексеру кезінде анықталды.

Жергілікті атқарушы органдардың тұрмыстық қалдықтарды жинау мен санитарлық тазалау қызметтеріне тексеру жүргізген прокурорлар бірқатар кемшіліктерді анықтады. Қала прокуроры Мақсат Қожабаевтың сөзінше, тазалыққа жауапты жекелеген мекемелер өз жұмысшыларының санын 35 есе артық көрсетіп, жалған құжаттар жасап келген. Мәселен, небәрі 8 жұмысшысы бар мекеме қажетті 270 жұмысшыны жалған көрсетіп отырған. Сөйтіп, мемлекеттен бөлінген 210 млн теңгеге бүкіл Қаратау ауданына санитарлық тазалау қызметін көрсетуде. «Осындай заңсыздықтарға жол берген мекемелерді жеңімпаз ету аудан әкімдіктерінің әрекетсіздігі мен бақылаудың мүлдем жоқтығын көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдар жұмысының кемшілігінен 50-ден астам кездейсоқ қоқыс орындары анықталған. Алайда осындай олқылықтар үшін бір жылдан астам уақыт бойы бір де бір тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған» дейді прокуратурадан. Шымшаһардың қоқыс ордасына айналуының тағы бір себебі — тазалау қызметін көрсететін мекемелердің талапқа сай болмаса да, мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атануы. Тексеру кезінде олардың қажетті техникалары жоқ, жұмысшылары да жетіспейтіні анықталған. Сондай-ақ, қалада тұрмыстық қалдық тастау үшін қажетті 4 мың контейнердің орнына небәрі 2 мың контейнер ғана бар болып шықты. Жиын қорытындысымен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың аталған бағыттағы қызметтерін қайта қарап, қала әкімінің атына ұсыныс енгізілді. Жекелеген өнім берушілердің әрекеттері бойынша процесуалдық шешім қабылданып жатыр.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда