
Бұл көліктің тарихы 1991 жылдан басталды. Тбилисидегі аудандардың бірінің тұрғыны Резо Энукидзе жап-жаңа көлік сатып алады. Сол түні су жаңа көліктің дөңгелектерін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Бұған қатты көңілі түскен Резо дөңгелексіз көлігін төртінші қабаттағы балконына шығарып қояды.
Резо Энукидзе ұрланған дөңгелектердің орнына жаңасын сатып алмаған. ВАЗ 2106 көлігі 27 жылдан бері балконда қаңтарылып тұрған. Иесі бір жарым жыл бұрын көз жұмған екен. Марқұмның туыстары көп жыл тұрған көлікті балконнан түсіруге асықпапты. Жүрілмеген көлікті енді ғана жерге түсірген.
Дереккөз: kolesa.kz