jasqazaq.kz

261 талапкер ереже бұзды, 19 баланың қызуы көтерілді

23 маусым 2020, 14:21

22 маусымда республика бойынша 9 748 талапкер ҰБТ-ға қатысып, оның 261-і аудиториядан шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

22 маусым күні республика мектептерінде ҰБТ-ға 9478 талапкер қатысқан. Оның 2,7 пайызы немесе 261-і ереже бұзып, аудиториядан шығарылды. 19 талапкердің немесе 0,2 пайызының дене қызуы көтерілген. Нәтижесінде 9,5 мыңға жуық баланың 6 553-і немесе 69,1 пайызы шекті балды жинай алды. Ал 58 талапкер (0,6%) – 130 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Айта кетейік, ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады.

«Достар, егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырып, шекті балл жинаған болсаңыз, сол сертификатпен ЖОО-ға ақылы негізде түсе аласыз. Өйткені заңның кері күші болмайды, тіпті маусым айындағы тестілеуге кірмесеңіз немесе маусымдағы ҰБТ нәтижеңіз жойылған болса да, қаңтар айының ҰБТ сертификаты жарамды болып қала береді», — дейді тестілеу орталығы Facebook парашасы арқылы.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық