jasqazaq.kz

25 жыл құжатсыз өмір сүрген

19 қыркүйек 2019, 11:43

Алматыда апалы-сіңлілі әйелдер 25 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдердің Қазақстан азаматы екендігін растайтын құжаты болмаған. «Бір ай бұрын Бостандық ауданы полиция басқармасының көші қон қызметіне әйелдердің туыстары құжат рәсімдеуге көмек сұрап жүгінген. Бұл әйелдер ата-анасы Кореяға кеткен соң ұзақ жылдар бойы әжесімен тұрған.Олардың қолында туу туралы куәлігінен басқа жеке басын куәландыратын басқа ешқандай құжат болмаған. 16 жасқа толған соң отбасылық проблемаларға байланысты әрі тұрғылықты мекенжайы болмаған соң қыздар құжат рәсімдемеген. Олар тұрмысқа шығып, балалы болған соң да ешқандай жәрдемақы, жөргекпұл ала алмаған. Әрі балаларына туу туралы куәлік рәсімдей алмаған. Әйелдердің құжатын қарай келе Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы заңының 3-бабымен олардың сол елдің азаматы екенін растайтын құжат рәсімдеу туралы шешім шығарылды», — деді ПД Көші-қон басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов. Полиция қызметкерлері жақында әпкелі-сіңлілерге құжаттарын тапсырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде