jasqazaq.kz

25 наурызда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

31 қантар 2018, 11:51

«Қазақстан Републикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-ші және 113-ші баптарына сәйкес 2018 жылғы 25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Сайлау науқаны Қазақстан Республикасының 68 округында өтеді. Ақмола облысы бойынша 3 депутат, Ақтөбе – 4, Алматы — 6, Атырау — 6, Шығыс Қазақстан – 2, Жамбыл – 3, Батыс Қазақстан — 4, Қарағанды – 9, Қостанай – 13, Қызылорда – 4, Манғыстау – 1, Павлодар – 5, Солтүстік Қазақстан – 3, Оңтүстік Қазақстан облысы – 3, Алматы қаласы бойынша 2 депутат сайланады. Астана қаласында бос округтердің болмауына байланысты депутаттарды сайлау өткізілмейді», — деп жазылған хабарламада.

68 депутаттың 10-ы облыстық, 17-і қалалық және 41-і аудандық маслихаттарға сайланады.

«Депутаттардың өкілеттіліктерінің мерзімнен тыс тоқтатылуына келесі себептер негіз болған: тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен басқа тұрақты орынға кетуі; басқа жұмысқа ауысуы, жеке өтініші, депутаттың өлімі және соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі. 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну басталды. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 25 ақпанға дейін жалғасады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы ахуалға сәйкес, Алматы қаласының 2 сайлау округы бойынша 7 кандидат ұсынылған», — делінген ҚР ОСК хабарламасында.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды