jasqazaq.kz

248 ойын автоматтарының көзі жойылды

17 маусым 2020, 11:48

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қалалық сот орындаушылармен бірлесе отырып қылмыстық істер бойынша тәркіленген ойын терминалдарын жойды.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында сот үкімі шыққан 13 қылмыстық іс бойынша 248 ойын терминалы жойылды. Бұл ойын автоматтары Алматы қаласында жүргізілген жедел іс-шаралары барасында тәркіленген болатын.

«Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес, ойынханалар мен ойын автомат залдары арнайы белгіленген жерлерде ғана рұқсат етіліп, (Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысы Шучье ауданында), ал Қазақстанның басқа өңірлерінде ойынханалар мен ойын автомат залдарына тыйым салынған», – делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

ҚР ҚК 307-бабы, яғни «Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру» бойынша заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деректері үшін және ойын бизнесін орналастыруға ғимаратты жалға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

zakon.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық