jasqazaq.kz

23 жастағы қостанайлық жігіт жағажайда бейтаныс адамды ұрып өлтірді

25 маусым 2021, 17:25

Қалалық жағажайда демалу кезінде Қостанай тұрғыны екінші қостанайлық азаматты ұрып өлтірген. Бұл фактіні Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Алдын ала тергеу барысында бұл күні үш ер адамның қалалық жағажай аймағына демалып шомылуға кеткені анықталды. Осыдан кейін олардың біреуі мен оларға жақындаған жәбірленуші арасында жанжал туындап, салдарынан 23 жастағы жігіт соңғысына қолымен бірнеше соққы жасаған. Бейтаныс адам дене жарақатынан қайтыс болады»,- деп хабарлады полиция. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс шеңберінде сот сараптамаларын жүргізу және кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жедел тергеу шаралар кешенін жүргізу жоспарланған. Күдікті Қостанай қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыс орталығының 27 жастағы тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша Қостанай Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-тармағы негізінде (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия