jasqazaq.kz

23 инвестициялық жобаға 2,3 трлн теңге тікелей шетелдік инвестиция тартылмақ

10 қыркүйек 2020, 9:20

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2020 жылы 23 инвестициялық жобаға 2,3 трлн теңге көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметінен белгілі болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

2019 жылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы жалпы көлемі 2,8 трлн теңге тікелей шетелдік инвестиция тартқан болатын. Бұл елімізге тартылған жалпы шетелдік инвестицияның 30,3% құрайды.

Коронавирус инфекциясына байланысты болған карантин мен әлемдік тасымалдау жүйесіндегі кедергілерге қарамастан, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2020 жылдың екінші жартыжылдығында 1,1 трлн теңге көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

«2020 жылы мұнай-газ, химия, энергетика және тау-металлургия кешені сияқты салаларда «Самұрық-Қазына» қорының қоржындық компанияларының қатысуымен 23 инвестициялық жобаға 2,3 трлн теңге көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту көзделген», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қор ішінде шетелдік инвестиция үшін тартымды болып отырған жобаларды ерекше атап өтуге болады. Мәселен, Ерейментау ауданындағы қуаты 50Мвт жел электр станциясы мен қуаты 60МВт болатын Шелек дәлізінің құрылыстары екеуін қоса алғанда, 30 млрд теңге шетелдік инвестиция тартқан.

Ал, World Investment Report ұйымының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлаған «Самұрық-Қазынаның» дерегіне сүйенсек, 2020 жылдан 2021 жылға қарай әлем бойынша тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 40% күрт азаяды.

Дегенмен, әлемдегі тасымалдау жүйесінің кідіріп тұрғанына және осындай болжамдарға қарамастан, «Самұрық-Қазына» қоры уақытында қабылданған шаралардың арқасында, тікелей шетелдік инвестицияның көлемі азаймай, 2019 жылмен салыстырғанда 85% деңгейінде сақтап отыр. «2019 жылы «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы 2,8 трлн теңге көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартқан болатын. Ол Қазақстан Республикасына келген барлық тікелей шетелдік инвестицияның 30,3% еді», — деп хабарланған компанияның ақпаратында.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың маусым айында S&P Global Ratings атты халықаралық рейтинг агенттігі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының ұзақмерзімді және қысқамерзімді несие рейтингісін «ВВ+/В» деңгейінде растаған болатын. Бұл дегеніміз, Қордың компаниялар тобы шетелдік инвестиция үшін тартымды болып отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде