jasqazaq.kz

22 тонна құрттаған мандарин мен құрма кіргізбек болған

07 қараша 2019, 11:34

Өткен аптада Ауыл шаруашылық министрлігінің карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 60 тоннадан астам қауіпті импорттық дәнді дақылдарды, жидектерді, көкөністер мен жемістерді тәркілеп, кері қайтарылды.

Тауарлар елімізге Ресей Федерациясынан, Қытай мен Өзбекстан Республикасынан жеткізілген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап Тengrinews.kz хабарлайды. «Атап айтқанда, 22 тонна құрма мен мандариннен қауіпті карантиндік зиянкестер — қара цитрустық аққанат (Aleurocanthus woglumi Ashby) және Косток құрты (Pseudococcus comstocki (Kuwana) анықталды. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылық министрлігінің карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлары қаптама таңбалары жоқ 26 тоннадан астам құрма, 4,4 тонна жүзім, 2,4 тонна қызанақ және 126 келі лимон, фитосанитарлық сертификатты жоқ 5 тонна бидайдың Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салды», — делінген хабарламада. Сондай-ақ, Өзбекстаннан тыйым салынған өнімді қол жүгі арқылы өткізудің бірнеше оқиғасы тіркелді. «Бір апта ішінде Түркістан, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарында жоғары фитосанитарлық қаупі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз жеткізудің 15 жағдайы анықталды. ҚР аумағына тасымалдауға тиым салынған өнімдер Өзбекстан Республикасына, Ресей Федерациясына және ҚХР-на кері қайтарылып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада. Еске салсақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаев шекара маңындағы аумақтарда ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Сонымен қатар, аталмыш заң күшіне енгеннен кейін ветеринария және фитосанитария саласындағы барлық бақылау-қадағалау функциялары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда