jasqazaq.kz

22 наурызға дейін Нұр-Сұлтаннан шығып үлгермеген адамдар не істейді?

19 наурыз 2020, 12:46

Елімізде аурудың бар-жоғын анықтайтын медициналық құрылғыларды сатып алуға дайын меценаттар бар. Бұл турпалы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«22 наурызға дейін Нұр-Сұлтан қаласынан шығып үлгермегендер карантин уақыты аяқталғанын күтеді. Бұл – ҚР Президенті жанынан құрылған мемлекеттік комиссияның шешімі. Бұл туралы хаттамада анық жазылған», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен. Сондай-ақ, ол коронавирус бар-жоғын тексертіп алғысы келетін адамдар не істеуі керектігін айтты. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған-жұқтырмағанын анықтағысы келетін адамдар үшін шағын орталық ашқысы келеді. Бұл оңай процесс емес, сол себепті бірден болмайды. Бізде аурудың бар-жоғын анықтайтын медициналық құрылғыларды сатып алуға дайын меценаттар бар. Бұған кешенді түрде келу керек. Оның механизмі қалай болады, қай жерлерге орналастырылады және осыған қатысты басқа да сұрақтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге бұл сұрақтың жауабы жоқ, бірақ жақын арада шешіледі», — дейді ол.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі