jasqazaq.kz

21 мың литр бензинді шекара асырмақ болған

23 сәуiр 2019, 13:52

Орал шекара жасағының «Шаған-авто» бөлімшесінде 21 472 литр бензинді шекара асырмақ болған Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Шекарашылар Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 4 миллион 750 мың теңгенің бензинін шекара асырмақ болған Ресей азаматын ұстады. Ұсталған азамат жалпы көлемі 21 472 литр болатын «АИ-92» бензинін Мемлекеттік шекарадан «НЕФРАС-С30/230» жуғыш заты ретінде алып шықпақшы болған» делінген хабарламада. Айта кетейік, осы күні аталған жасақтың «Сырым-авто» бөлімшесінде 1974 жылғы Қазақстан азаматы елімізден шығаруға тыйым салынған заттар тізіміндегі, жалпы салмағы 20 тонна, бұрын пайдаланылған темір құбырларды Ресейге алып шықпақшы болды. Құны — 590 000 теңге болатын заңсыз жүк Бәйтерек аудандық мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды. Сондай-ақ, осы жасаққа қарасты «Ақсай» шекара заставасының шекарашылары Батыс Қазақстан облысы бойынша орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығының маманымен бірге катермен Жайық өзенінің жағалауын шолып жүріп, 400 метр көлеміндегі ау тауып алды. Ауға шырматылып қалған қымбат бағалы балықтар тірідей құтқарылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда