jasqazaq.kz

«21 миллион гектар жайылым тозған»

27 мамыр 2021, 13:04

Шамамен 21 миллион гектар жайылым тозып кеткен. Бұл туралы сенатор Сұлтан Дүйсембинов депутаттық сауалында айтты.

«Бүгінде ауылдық елді мекендерде мал шаруашылығы өнімінің 66 пайызы өндіріледі. Бірақ мұндай орасан биологиялық актив мемлекеттік қолдаудан тыс қалып, заманауи технологиялық процестерге тартылмай отыр. Жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтендіру бойынша жүргізілген жұмыстар дұрыс үйлестірілмегендіктен нәтижелі болмай отыр», — деді сенатор.

Сұлтан Дүйсенбинов жер мәселесін ұлттық деңгейдегі маңызды жоба ретінде жүйелі түрде қарастырмаса жайылым мәселесі шешімін таппайтынын атап өтті.

«Дегенмен жайылымдық жерлердің тапшылығы барлық облыс бойынша бар. Мәселен Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауыл тұрғындары жайылымдардың жетіспеушілігінен зардап шегуде. Елді мекендерде малдың 80 пайызға жуығы ауыл шегінде және оның айналасында жайылатындықтан бұрын бөлінген шамамен 21 миллион гектар жайылымдық жер деградацияға ұшыраған», — деді Сұлтан Дүйсембинов.

Сенатор жайылымның тапшылығын шешу үшін жайылымдарды ұзақ мерзімді басқару жөніндегі жоспарларды бекіту қажет екенін және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізу керек екенін айтты.

Сенатордың айтуынша, аграршыларға ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға жан-жақты көмек беру қажет. Қазіргі уақытта дамыған елдердің барлығы ауыл шаруашылығында кооперация тетігін табысты пайдаланып отыр. Бұл ауылдық жерлерде еңбек өнімділігін арттыруға, қала халқын сапалы жəне арзан тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге, тұрақты жұмыс орындарын ашуға зор септігін тигізеді.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде