jasqazaq.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан Қазақстан «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы мұнай жөнелтеді

10 қараша 2022, 14:05


Қазақстан мұнай экспортын әртараптандыру жөніндегі арнаулы жол картасын әзірледі. Бұл жайында Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі брифингіде Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл Ақтау порты арқылы Баку порты бағыты және одан ары Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы жөнелтіледі», — деді Үкімет басшысы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, Баку порты арқылы Қазақстан мұнайын Баку-Супса және Баку-Батуми мұнай құбырлары арқылы да тасымалдауға мүмкіндік бар. Бұған қоса Атыраудан темір жол арқылы Батумиге және Өзбекстанға мұнай экспорттауға болады. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасына да мұнай экспортталады. Қазіргі уақытта дәл осы бағыттарда мұнай экспорты әлеуетін кеңейту және арттыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Атап айтқанда, қазіргі уақытта бізде келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнай жөнелту уағдаластығы бар. Алдағы уақытта оны 6-6,5 млн тоннаға дейін арттыру мәселесі де пысықталып жатыр», — деді Әлихан Смайылов.

Мұнан бөлек, Үкімет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы цистерна вагондар санын екі есеге арттырып, Батуми мен Өзбекстанға темір жолмен мұнай жөнелтуді қолға алған.

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку