jasqazaq.kz

2021 жылдан бастап мемлекеттік үлгідегі диплом болмайды

25 желтоқсан 2018, 14:26

Қазақстанда 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
ҚазАқпарат жазғандай, «2021 жылдан бастап мемлекеттік үлгідегі дипломдар жойылады. Бірнеше жылдан кейін біздегі барлық жоғары оқу орындары өздерінің үлгісіндегі дипломдарды беретін болады. Сол арқылы олар өздерінің беделіне, білім сапасына, профессорлық-оқытушылық құрамына кепіл береді. Ендігі уақытта мемлекеттік үлгідегі диплом болмайды. Бұл да білім сапасына әсерін тигізеді», — деді вице-министр Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде өтіп жатқан дөңгелек үстел отырысы барысында. Сонымен қатар ол 2021 жылдан бастап сапаны қамтамасыз етудің шарасы ретінде сертификаттау процедурасы да енгізілетіндігін айтты. Дегенмен, оны енгізу барысында әлі де проблемалардың жеткілікті екендігін атап өтті. «Әзірше кәсіби стандарттарымыздың саны жеткіліксіз. Сертификаттау үшін арнайы орталықтардың дайындығы да жеткілікті болмай отыр. Дегенмен, бұл институт 2021 жылдан бастап жұмыс істейтін болады. Демек, 2021 жылдан бастап дипломның болуы жұмысқа орналасуға кепілдік бере алмайды. Дипломның болғаны жақсы, бірақ белгілі бір біліктілік алғаны туралы сертификат та әкелу қажет», — деді Асхат Аймағамбетов. Вице-министр түлектерінің 50 пайызы жұмысқа орналаса алмаған жоғары оқу орындарының лицензиясын Білім және ғылым министрлігі қайтарып алатындығын да ескертті. «Бұл екі жайтты білдіреді. Нарықта бұл бағыттағы мамандар жеткілікті болғандықтан олар жұмыс таба алмайды не болмаса білім сапасының төмендігінен нарық оларды жұмысқа алмайды», — деді ол.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер